World Population Review порталы жыл сайынғы ең дәмді және ең дәмсіз ұлттық асханалар рейтингісінжаңартты, деп хабарлайды CMN.KZ
Рейтинг көшін Грекия бастады – бұл елдің асханасы әлемдегі ең дәмді деп танылды. Екінші орынға Италия, ал үздік үштікті Мексика түйіндеді.
Төртінші және бесінші орындарды бірдей ұпаймен Түркия мен Испания бөлісті.
Ал рейтингтің соңғы қатарынан Армения мен Қазақстан табылды. Бұл елдердің ұлттық тағамдары бұрынғы Кеңес Одағы республикалары арасында ең дәмсіз деп бағаланған. Екі ел де 3,9 балл жинап, тиісінше 92 және 93-орындарға жайғасты.
Рейтинг 2025 жыл қорытындысы бойынша әлемнің 99 елінің ұлттық тағамдарына берілген шамамен 400 мың жеке пікірдің негізінде жасалған. Бағалау шкаласы – 0-ден 5 баллға дейін.
Тізімнің ең соңында Никарагуа тұр – бұл елдің асханасы 3,86 балл жинаған. Одан сәл жоғары Лаос пен Боливияорналасқан (әрқайсысы 3,88 балл).
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз