Бидай енді басты басымдық емес. 2026 жылы Қазақстанда егіс құрылымы айтарлықтай өзгереді: Ауыл шаруашылығы министрлігі дәстүрлі дәнді дақыл – бидай алқабын қысқартып, майлы дақылдар, жемшөп және жүгеріге басымдық бермек, деп хабарлайды CMN.KZ.
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында жалпы егіс көлемі 23,8 млн гектарға дейін ұлғаятынын айтты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 180 мың гектарға көп. Алайда негізгі екпін кеңейтуге емес, қайта бөлуге жасалады.
Қандай дақылдар көбейеді?
-
жемшөп дақылдары – +242 мың га;
-
арпа – +94 мың га;
-
жүгері – +90 мың га (жалпы 265 мың га дейін);
-
майлы дақылдар – +55 мың га;
-
картоп – +10,3 мың га.
Ал бидай алқабы 125 мың гектарға қысқарып, 12,1 млн гектарды құрайды.
Министрлік мәліметінше, басымдық рентабельділігі жоғары әрі қуаңшылыққа төзімді дақылдарға берілген. Сондай-ақ қайта өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету және әлемдік баға ауытқуына тәуелділікті азайту көзделіп отыр.
Қаржылық қолдау
Көктемгі дала жұмыстарына жеңілдетілген несие беру үшін 700 млрд теңге бөлінген. Өтінім қабылдау өткен күзде басталып, бүгінде шамамен 1,9 мың ауыл шаруашылығы өндірушісі 200 млрд теңгеге жуық қаржыландырылған.
Бұдан бөлек, аграршыларға 402 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінді. Ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту деңгейін 8%-ға дейін жеткізу жоспарланған.
Осылайша, 2026 жылғы егіс науқаны саннан гөрі сапа мен тиімділікке бағытталмақ.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз