Қазақстандық актриса әрі тележүргізуші Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram парақшасында Алматыға арналған бейнеролик жариялап, туған қаласына деген жылы әрі шынайы сезімін білдірді, деп хабарлайды CMN.KZ.
«Алматы, сен айбындысың, сен әдемісің. Кейде қаталсың, қателікті кешірмейсің. Ал кейде сондай жылы әрі құшағың ашық. Сенде бір күш бар – өзіңді сүйгізесің, өзіңе ғашық етесің. P. S. Мен сені жақсы көремін», – деп жазды актриса.
Жұлдыз жазбасында қаланы тірі, мінезі бар бейне ретінде сипаттайды. Оның айтуынша, Алматы – бірде қатал, бірде мейірімді, бірақ ешкімді бейжай қалдырмайтын ерекше шаһар.
Жарияланған видео атмосферасымен ерекшеленді: онда қала көшелері, таулар мен Алматының күнделікті көріністері бейнеленген. Кадрлар арқылы актрисаның қалаға деген ерекше сүйіспеншілігі анық сезіледі.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз