Астананың халықаралық әуежайында сәтсіз қалжың жолаушының рейстен түсірілуімен және ұсталуымен аяқталды, деп хабарлайды CMN.KZ.
@Astana_live24 порталының мәліметінше, «Қайрат» футбол клубының дәрігері Астанадан Алматыға Air Astana әуе компаниясының рейсімен ұшпақ болған.
«Ішкі рейстер терминалындағы тіркеу кезінде авиациялық қауіпсіздік қызметкерінің сұрағына жолаушы Туралиев Д. әзіл ретінде жанында “бомба” бар екенін айтқан», – делінген хабарламада.
Оқиғадан кейін терминалға авиациялық қауіпсіздік қызметінің кинологиялық тобы мен құқық қорғау органдары шақырылған.
Жолаушы рейстен түсіріліп, оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылған. Алдын ала мәлімет бойынша, жарылғыш зат туралы ақпарат расталмаған.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз