Қазақстандық суретші әрі модель Айя Шалқар жаңа фотосессиясын жариялап, әлеуметтік желі қолданушыларының назарын тағы да өзіне аударды, деп хабарлайды CMN.KZ
Модель бірнеше суреттен тұратын топтамамен бөлісіп, түрлі стиль мен көңіл күйге оңай ене алатынын көрсетті. Кейбір кадрларда ол былғары күрте киіп, айқын макияжбен қатал брюнетка образында көрінеді. Ал басқа фотоларда мүлде өзгеше – ашық түстердегі нәзік әрі жұмсақ бейнеде.
Жарияланым астына Айя «Көзіме қос көрінеді» деп қысқа ғана жазба қалдырып, фотосессиядағы образдардың қарама-қайшылығына ишара жасады.
Жаңа фотосессия желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, олар модельдің әсерлі өзгерісі мен суреттердің көркемдігін жоғары бағалады.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз