21 наурыз күні таңертең Қарағанды облысында жолаушылар автобусы жүк көлігімен соқтығысты, деп хабарлайды CMN.KZ
Жол-көлік оқиғасы Астана – Алматы тасжолының 747-шақырымында болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, 49 жастағы автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол жиегінде тұрған Volvo жүк көлігіне соғылған.
«Жол апаты салдарынан бір адам оқиға орнында қаза тапты, тағы үш адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді», – деп хабарлады полиция.
Оқиға кезінде автобус салонында 33 жолаушы болған.
Қазіргі уақытта апаттың мән-жайы анықталып жатыр.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз