Қаңтардағы ҰБТ-ға шамамен 184 мың талапкер қатысты, деп хабарлайды CMN.KZ
Тестілеуге қатысқандардың 75%-ы емтиханды қазақ тілінде, 25%-ы орыс тілінде, ал 113 адам ағылшын тілінде тапсырған.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, талапкерлердің 68%-ы ғана шекті балды еңсерген. Бес пән бойынша орташа балл – 64. Ең жоғары нәтиже – 138 балл.
«Апелляцияға 19 мыңға жуық өтініш түсті, олардың ішінде 2 бірегей тест тапсырмасы бойынша өтініштер қанағаттандырылды. Республикалық комиссия жұмысын аяқтады, талапкерлердің сертификаттары жеке кабинеттерінде қолжетімді. Тестілеушілердің ең көбі (19,2%) “Математика–Физика” пәндер комбинациясын таңдады. 16,8%-ы “Биология–Химия” пәндерін тапсырды. Сондай-ақ ТОП-3 қатарына “Шығармашылық емтихан” комбинациясы кірді – оны 9,8% талапкер таңдаған», – деп хабарлады министрлік.
ҰБТ өткізу барысында 320 құқықбұзушылық анықталған. 198 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өтпек болғаны үшін емтиханнан шеттетілді. Тағы 120 адам аудиториядан шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Бейнежазбаларды тексеру қорытындысы бойынша қосымша екі сертификаттың күші жойылды.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз