Қанат Шарлапаев "Атамекен" ҰКП президиумының жаңа төрағасы болды

Канат Шарлапаев
Фото: Министерство промышленности и строительства

Осылайша, бұған дейін CMN.KZ редакциясына дереккөздер ұсынған ақпарат расталды.

Жаңа төрағаны сайлау бүгін, 23 қаңтар күні «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының XIII съезінде өтті.

Қанат Шарлапаев бұл қызметте 2022 жылғы ақпаннан бері ҰКП-ны басқарған Раимбек Баталовты алмастырды.

Бұған дейін Баталов өзінің қызметтен кетуі туралы қауесеттерге пікір білдіріп, үш жыл жұмыс істегенін және бұл мерзімді жеткілікті деп санайтынын айтқан болатын.

Қанат Шарлапаев 1981 жылы Ресейде дүниеге келген. Саратов әлеуметтік-экономикалық университетін, сондай-ақ Ұлыбританиядағы Крэнфилд менеджмент мектебін тәмамдаған. Мамандығы – экономист, қаржы және басқару саласындағы магистр.

Еңбек жолын 2003 жылы Ресейдің «Петрокоммерц» банкінде клиенттермен жұмыс басқармасының менеджері болып бастаған.

2025 жылғы 28 ақпанға дейін ол өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметін атқарды. Кейін мемлекет басшысының жарлығымен ҚР президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды.

Алайда 2025 жылдың қыркүйегінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың тағы бір жарлығымен бұл қызметтен босатылды. Ал қазан айының соңында «Бәйтерек» ҰБХ« АҚ директорлар кеңесінің құрамынан да шықты.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска