Италия елшілігі бұл шараның мәжбүрлі әрі уақытша екенін түсіндірді. Шектеу жоспардан тыс техникалық жұмыстарға байланысты енгізіліп отыр, деп хабарлайды CMN.KZ
Мәселе визалық өтініштерді өңдейтін операциялық жүйеге қатысты. Аталған жүйе 2026 жылғы 12–18 ақпан аралығында жұмыс істемейді.
Осыған байланысты қазақстандықтарға құжаттарды соңғы күндерге дейін тапсыруға болатыны ескертілді:
-
Астанада визалық өтініштерді қабылдаудың соңғы күні – 2026 жылғы 11 ақпан. Құжаттарды VFS Global орталығында тапсыруға болады. Мекенжайы: «Kaskad» бизнес орталығы, Қабанбай батыр даңғылы, 6/1, 111-кеңсе, 11-қабат;
-
Атырау, Алматы, Шымкент және Өскемен қалаларында өтініш қабылдаудың соңғы күні – 2026 жылғы 6 ақпан. Құжаттар тиісті VFS Global орталықтарында қабылданады.
Елшілік мәліметінше, визалық өтініштерді әдеттегі режимде қабылдау және өңдеу 2026 жылғы 18 ақпаннан бастап қайта жалғасады.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз