Иранда жаңа жоғарғы жетекші сайланды

Моджтаба Хаменеи
Фото: Student News Agency / Wikimedia Commons

Иранда жаңа жоғарғы жетекші болып аятолла Моджтаба Хаменеи сайланды, деп хабарлайды CMN.KZ

Бұл туралы 9 наурызға қараған түні Иранның сарапшылар кеңесіне сілтеме жасаған жергілікті БАҚ хабарлады. Бұған дейін, 3 наурызда айтылғандай, елдің жаңа саяси жетекшісі ретінде бұрынғы жоғарғы жетекші Али Хаменейдің ұлы Моджтаба Хаменеи таңдалды. Еске салсақ, Али Хаменеи 28 ақпанда АҚШ пен Израильдің соққылары кезінде қаза тапқан еді.

Жоғарғы жетекшінің сайланғаны туралы ақпарат 8 наурызда белгілі болғанымен, оның есімі жарияланбаған еді. Ал АҚШ пен Израиль билігі жаңа жетекші ресми жарияланбай тұрып-ақ оған қатысты қатаң мәлімдемелер жасаған.

8 наурызда Израиль армиясы (ЦАХАЛ) Али Хаменейдің кез келген мұрагерін қудалайтынын мәлімдеді. Ал АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп ABC News арнасына берген сұхбатында:

«Егер ол біздің қолдауымызды алмаса, ұзақ уақыт билікте отырмайды. Біз бұл мәселені әр 10 жыл сайын қайта қарауға мәжбүр болғымыз келмейді, әсіресе мен сияқты бұған жол бермейтін президент болмаған кезде», – деді.

Моджтаба Хаменеи 1969 жылы туған. Әкесінің өмірінің соңғы жылдарында-ақ ол ықтимал мұрагерлердің бірі ретінде аталып жүрген. Сарапшылардың пікірінше, оның жоғарғы жетекші болып сайлануына Ирандағы ықпалды әскери құрылым – Ислам революциясы сақшылары корпусының қолдауы әсер етуі мүмкін.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска