Instagram-дағы уәдеге сенген 120-дан астам қазақстандық ақшасынан айырылды

ноутбук
pexels.com

Қазақстанда Instagram арқылы жасалған алаяқтықтың құрбаны болған 120-дан астам адам ақшасынан айырылды, деп хабарлайды CMN.KZ

Қылмысты Қызылорда қаласының 31 жастағы тұрғыны жасаған. Ол жалған парақша ашып, басқа адамдардың жеке деректерін пайдаланған.

Күдікті топпен келісіп әрекет етіп, азаматтарға салған ақшасын өсіммен қайтарып беруге уәде еткен. Алайда шын мәнінде ол қаражатты «1XBETKZ» букмекерлік кеңсесі мен «Wooppay Wallet» төлем жүйесі арқылы иемденіп отырған.

Бас прокуратура мәліметінше, ел бойынша 121 адам алданған, ал келтірілген жалпы шығын шамамен 9 млн теңгені құрады.

Сот ер адамды интернет арқылы жасалған алаяқтық үшін кінәлі деп танып, оған үш жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Жаза тағайындау кезінде оның кінәсін толық мойындауы және жәбірленушілерге келтірілген шығынды өтегені ескерілген.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска