Илон Маск тарихта алғаш рет байлығы 800 млрд доллардан асқан адам атанды

Илон Маск может лишиться должности в правительстве США
Фото: X/elonmusk

Америкалық кәсіпкер Илон Маск қаржыға қатысты барлық мүмкін рекордтарды жаңартты. Бұған дейін ол әлемдегі ең бай адам ретінде танылған болса, енді бұл көрсеткіштен де асып түсті, деп хабарлайды CMN.KZ

Forbes деректеріне сәйкес, Масктің қазіргі байлығы 852 млрд долларды құрады. Ал небәрі жарты жыл бұрын оның активтері 500 млрд доллардан аз деп бағаланған.

Осылайша Илон Маск байлығы 800 млрд доллардан асқан адамзат тарихындағы алғашқы тұлға ретінде мойындалды.

Сарапшылар Масктің активтерін айтарлықтай арттыруына өте күрделі әрі тиімді мәміле себеп болғанын атап өтеді. Атап айтқанда, оған тиесілі зымыран жасау компаниясы SpaceX оның тағы бір компаниясы – xAI-ды сатып алған.

«Бұл мәміле кәсіпкердің байлығын 84 млрд долларға арттырып, жалпы көлемін рекордтық 852 млрд долларға жеткізді», – деп жазады Forbes.

Мәмілеге дейін Маск SpaceX акцияларының шамамен 42%-ына, ал xAI акцияларының 49%-ына иелік еткен. Бірігу нәтижесінде SpaceX 1 трлн долларға, ал xAI 250 млрд долларға бағаланды. Қазіргі таңда Маск құны 542 млрд доллар болатын біріктірілген компанияның 43% акциясына ие.

Сарапшылардың пікірінше, дәл қазір SpaceX – Илон Масктің ең қымбат активі. Сонымен қатар оған Teslaкомпаниясының 12% акциясы тиесілі, оның құны шамамен 178 млрд доллар. Бұған қоса, тағы 124 млрд долларкөлемінде Tesla акцияларына арналған опциондары бар.

Ал миллиардерлер рейтингіндегі екінші орында Ларри Пейдж тұр. Google-дің негізін қалаушылардың бірі саналатын оның байлығы 281 млрд доллар деп бағаланады. Айта кетерлігі, Маск пен Пейдж арасындағы айырмашылық өте үлкен.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска