Дөң тау-кен байыту комбинатының «Болашақ» шахтасындағы өрт кезінде төрт адам зардап шекті. Апат болған кезде шахта ішінде 288 адам болған, деп хабарлайды CMN.KZ

Оқиға шахтаның өндіру блогында бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде болған.

«Әр түрлі дәрежедегі күйіктерді төрт қызметкер алды, олар ауруханаға жеткізілді. Оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі», — деді «Қазхром»ТҰК» АҚ».

ТЖ егжей-тегжейін өңірлік ТЖД баспасөз қызметі айтып берді. Оқиғадан кейін орнына бірден ТЖ департаментінің басшылығы, әскери бөлімнің және Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері келіпті.

«Зардап шеккендерді шахта қызметкерлері жер бетіне шығарды. Сондай-ақ, шахтадан ішінде болған барлық 228 адам шығып кетті. Қазір оның жұмысы уақытша тоқтатылды, әскерилендірілген тау-кен құтқару жасағы сутегін өлшеп жатыр», – деді департаментте.

Өндіру бойынша жұмыстар мән-жайлар анықталғанға және оқиғаның себептері жойылғанға дейін тоқтатылды.

Облыстың полиция департаменті тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Сондай-ақ, ТЖМ Командалық орталығының ахуалдық залында және өңірдің ТЖД Дағдарыс орталығында жедел штабтардың жұмысы ұйымдастырылды. ТЖД-да жедел желі телефоны ашылды: 8-7132-54-86-82.

Share.

Leave A Reply

Exit mobile version