Жыл басынан бері елімізде 46 жалған диплом және 20 интернет-ресурс анықталды, деп хабарлайды CMN.KZ

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінде құжаттардың заңсыз айналымын болдырмау үшін 1991 жылдан бері берілген дипломдар базасы құрылды.

«Дипломдар бірегей нөмірлер мен QR-кодтарды бере отырып, арнайы модуль арқылы қалыптастырылады. Жүйеге осы модульде тіркелген ЖОО-ның ресми жауапты қызметкерлері ғана қол жеткізе алады. Дипломдарды генерациялау «жоғары білім берудің бірыңғай платформасы» ақпараттық жүйесінде (БЖЗҚ) білім алушылар туралы деректер негізінде жүзеге асырылады. БЖЗҚ-да білім алушы туралы мәліметтер болмаған жағдайда диплом нөмірін қалыптастыру мүмкін емес», – деп түсіндірді ғылым министрлігі.

Жасалған бірегей нөмір мен QR-коды жоқ өз үлгісіндегі білім туралы құжаттар жарамсыз болып саналады.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР ҚК 385-бабына сәйкес жалған құжаттарды қолдан жасау немесе пайдалану айыппұл салуға, түзеу жұмыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға әкеп соғады.

Share.
Leave A Reply

Exit mobile version