Flydubai ұшақтарымен 340 қазақстандық елге қайтарылады

самолет
Фото: Freepik

3 наурызға қараған түні Астана мен Алматыға екі ұшақ ұшады, деп хабарлайды CMN.KZ.

Әуе кемелерінің әрқайсысы 170 орынға арналған. Әзірге қазақстандықтардың қайсысы бірінші кезекте елге қайтарылатыны белгісіз.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, әзірге зардап шеккен отандастар туралы ақпарат түскен жоқ.

«Аймақтағы елдердегі шетелдегі мекемелер жағдайды үздіксіз бақылауда ұстап отыр, жергілікті билік органдарымен және Қазақстан азаматтарымен тұрақты байланыс орнатқан. Сондай-ақ жедел әрекет ету және консулдық-құқықтық көмек көрсету үшін әуежайларға тұрақты түрде барып тұрады. Дипломатиялық өкілдіктер қызметкерлері өңірде және транзиттік аймақтарда жүрген қазақстандықтардың тізімін жаңартуды жалғастырып жатыр», – деп хабарлады.

СІМ дерегінше, әртүрлі елдерде жүрген қазақстандықтардың саны:

  • БАӘ – 3500;

  • Сауд Арабиясы – 3000;

  • Катар – 1500;

  • Иран – 82;

  • Бахрейн – 168;

  • Кувейт пен Иордания – әрқайсысында 134;

  • Израиль – шамамен 100 адам.

Бұған дейін Тегераннан 50 Қазақстан азаматы эвакуацияланған. Олардың қатарында «Заркух» компаниясының, Экономикалық ынтымақтастық ұйымының өкілдері және дипломатиялық миссия қызметкерлері бар.

Сондай-ақ Ираннан «Джульфа» (Нахчыван) бақылау-өткізу пункті арқылы екі қазақстандық Әзербайжанға жеткізілді.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска