FlyArystan әуе компаниясының ұшағы Алматыдан Оралға қону кезінде құстармен соқтығысты. Борт кері бағытта сол маршрутпен ұшуы тиіс болған, алайда оқиғаға байланысты рейс кейінге шегерілді, деп хабарлайды CMN.KZ
FlyArystan баспасөз қызметінің мәліметінше, инцидент 24 қаңтар күні FS7167 рейсінде болған.
«Оралға қонғаннан кейін әуе кемесіне диагностика жүргізіп, кейбір бөлшектерін ауыстыру үшін Астанадан инженерлік-техникалық мамандар жіберілді», – деп хабарлады әуе компаниясы.
25 қаңтарға қараған түні ұшақ Алматыға қайта ұшты. Күту уақытында жолаушыларға ыстық сусындар мен тамақ берілді, сондай-ақ сұраныс бойынша қонақүйге орналастырылды.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз