Алдағы жылдары Қазақстанда іске қосу жоспарланған жаңа жылу электр орталықтарын (ЖЭО) отынмен қамтамасыз етуге қатысты қауіп жоқ. Бұл туралы энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді, деп хабарлайды CMN.KZ
Басшысының айтуынша, жаңа қуаттардың көмір немесе газ тапшылығына ұшырауы туралы алаңдауға негіз жоқ.
«Мұндай тәуекел бізде мүлде жоқ. Көмір қоры – 33,6 млрд тонна. Қазіргі таңда жылына шамамен 120 млн тонна көмір өндіреміз. Президент айтқандай, бұл қорлар шамамен 300 жылға жетеді», – деді министр Мәжіліс кулуарында.
Сондай-ақ ол Қазақстанның мұнай мен газ қоры да тұрақты деңгейде екенін еске салды.
«Мұнай мен газ бойынша да еліміздің қоры шамамен 40 жылға жетеді», – деп толықтырды Ерлан Ақкенженов.
Энергетика министрлігінде атап өткендей, жаңа ЖЭО жобаларын жоспарлау кезінде ресурс базасы мәселесі бастапқы кезеңнен-ақ ескеріледі және болашақ жобалардың осал тұсы ретінде қарастырылмайды.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз