Елена Рыбакина "Үлкен дулыға" турнирінің финалына үшінші рет шықты

Рыбакина
Фото: ФТК

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Australian Open–2026 турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды CMN.KZ

Жартылай финалда әлемнің бесінші ракеткасы америкалық теннисші Джессика Пегуланы (WTA рейтингінде 6-орын) екі сетте жеңді.

Кездесу 1 сағат 40 минутқа созылып, есеп 6:3, 7:6 (9:7) болып Рыбакинаның пайдасына шешілді.

«26 жастағы қазақстандық спортшы мансабында үшінші рет “Үлкен дулыға” турнирінің финалына шықты. Ол 2022 жылы Уимблдонда чемпион атанса, 2023 жылғы Australian Open финалында Арина Соболенкодан 6:4, 3:6, 4:6 есебімен жеңілген еді», – деп еске салды Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі.

Титул үшін өтетін матчта Рыбакина өзіне жақсы таныс қарсыласымен – әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен қайта кездеседі.

Маусымдағы алғашқы «Үлкен дулыға» турнирінің әйелдер арасындағы финалы 31 қаңтар күні Мельбурнде өтеді.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска