Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина қарсыласын жеңіп, турнирдің 1/8 финалына шықты, деп хабарлайды CMN.KZ
Рыбакина чехиялық теннисші Тереза Валентовамен кортта кездесті. 1 сағат 22 минутқа созылған матчта есеп 6:2, 6:3 болып, қазақстандық спортшының пайдасына шешілді.
Келесі кезеңде Елена Рыбакина Бельгия өкілі Элиза Мертенспен кездеседі. Теннисшілер ширек финалға шығу үшін бақ сынайды.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз