2025 жылдың соңына қарай қор активтері шамамен 45 трлн теңгеге жетіп, жобалар портфелінде өнеркәсіп, энергетика және логистика салаларын қамтитын 130-дан астам бастама бар, деп хабарлайды CMN.KZ
Бұл туралы "Самұрық-Қазына" қорының басшысы Нұрлан Жақыпов қордың ресми YouTube-арнасында жарияланған видеода айтты.
Ол 2025 жылы қол жеткізілген негізгі көрсеткіштермен – қаржылық қорытындылармен және іске асырылған ірі жобалармен бөлісті. Сондай-ақ Жақыпов халықаралық әріптестік және қордың алдағы жоспарлары туралы айтты.
2025 жылғы негізгі нәтижелер:
-
жалпы құны 1,1 трлн теңгеден асатын тоғыз ірі инвестициялық жоба іске асырылды;
-
таза пайда — 2 трлн теңге;
-
қордың ОТП-дан (отандық тауар өндірушілерден) сатып алулары 2 трлн теңгеге дейін өсті, ал ел ішіндегі қосылған құн үлесі 83%-ды құрады;
-
жыл сайын 1 млн-нан астам қазақстандық әлеуметтік қолдау алады.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз