Екібастұздағы қанды қырғын: дәрігерлер зардап шеккен әйелдің жағдайын айтты

Меня ждал наёмный убийца: астанчанка просит у президента защиты от бывшего мужа
Фото: pexels.com

Пышақ жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген әйелдің есі анық, алайда жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланып отыр, деп хабарлайды CMN.KZ.

Kerek Telegram-арнасының мәліметінше, науқас реанимация бөлімінде жатыр, өздігінен тыныс алуда. Қазір оған қарқынды терапия жүргізіліп жатыр.

Ал «Молодой Кабылтаев» Telegram-арнасы жедел жәрдем оқиға орнына әйел 1992 жылы туған азаматша подъезге құлағаннан кейін алты минуттан соң шақырылғанын хабарлайды:

«Оған сан тұсы аймағында көптеген шаншыла-кесілген жарақаттар диагнозы қойылды. Жағдайы – бірінші дәрежелі геморрагиялық шок», – делінген хабарламада.

Пәтер ішінде дәрігерлер 1994 жылы туған ер адамның мәйітін тапқан.

Еске салайық, оқиға Екібастұз қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. Әйелге жасалған қанды шабуыл пәтер ішінде басталғанымен, жәбірленуші подъезге шығып үлгерген. Алайда күдікті оны сол жерде қуып жеткен.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска