Дубай әуежайы белгісіз мерзімге жұмысын тоқтатты

самолет
freepik

Дубай халықаралық әуежайы белгісіз мерзімге жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды CMN.KZ

Әуежай өкілдерінің түсіндіруінше, мұндай шешім әуе қорғаныс жүйесінің (ПВО) жұмысына байланысты қабылданған.

Эмират билігінің медиаофисі жариялаған мәлімдемеде бұл шара жолаушылар мен экипаждардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет екені айтылған.

«Барлық рәсімдер қауіпсіздік хаттамаларына сәйкес жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.

Сенбі күні Дубайға қонуы тиіс ұшақтар Оман аумағының үстіндегі әуе кеңістігінде жиналып қалған.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска