Димаш Құдайберген Михаил Шайдоровқа жаңа Hyundai көлігінің кілтін табыстады

Вручение сертификата и ключей от машины
Скриншот видео

Уәде етілген автокөлікті Олимпиада чемпионына бүгін әлемге танымал әнші табыстады, деп хабарлайды CMN.KZ.

Михаил Шайдоров еркін бағдарламада Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген орындаған «Confessa» композициясына өнер көрсеткен болатын. Әнші Олимпиададағы жеңістен кейін бірден құттықтау жазып, мәнерлеп сырғанаушы елге оралған соң көлік сыйлайтынын уәде еткен еді.

«Уәде еткендей, жаңа Hyundai Palisade көлігін өз атымнан ғана емес, барша қазақстандықтардың атынан табыстадым. Денсаулық, күш-қуат және жаңа рекордтар тілеймін!», – деп жазды Димаш әлеуметтік желідегі парақшасында.

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Михаил Шайдоровқа үш бөлмелі пәтердің кілтін, автокөлік және ақшалай сертификат табыстады.

Вручение призов и подарков участникам Олимпиады
Фото: акимат Алматы

«Сіздердің қолдауларыңыз мен үшін өте маңызды. Бұл – соңғы нүкте емес, алда үлкен жоспарлар бар. Менің үлгімді көрген жас спортшылар шабыт алып, жаңа белестерді бағындырады деп сенемін», – деді Михаил Шайдоров.

Салтанатты марапаттау рәсімі Almaty Arena ғимаратында өтті. Әкім сондай-ақ Евгений Кошкин, Ростислав Хохлов, Данил Васильев және Илья Мизерныхтың еңбегін атап өтті.

Дархан Сатыбалды вручает сертификат Михаилу Шайдорову
Фото: акимат Алматы

Шайдоровтың бапкері Айгүл Қуанышеваға 5 млн теңге көлемінде сертификат табысталса, ұлттық құраманың бас бапкері әрі спортшының жеке жаттықтырушысы Асель Касановаға бір бөлмелі пәтер мен ақшалай сертификат берілді.

Олимпиада қатысушылары мен олардың жаттықтырушыларына 2-ден 5 млн теңгеге дейінгі сертификаттар тапсырылды.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска