Алматыдағы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің жеке коллекциясынан көрме ашылады. 2026 жылғы 18 ақпанда сағат 15:00-де өтетін іс-шарада артист экспонаттарды өзі таныстырып, шығармашылық жолының тарихымен бөліседі, деп хабарлайды CMN.KZ
«Димаш: бір дауыс – мың ел» деп аталатын көрмеде әншінің коллекциясындағы 70-тен астам жәдігерұсынылады. Олардың қатарында Димаш бала кезінен ойнай бастаған алғашқы домбырасы, сондай-ақ музыкалық аспаптар мен сахналық костюмдер бар.
Экспонаттардың бір бөлігі:
-
чөмчөө уус – 2011–2012 жылдары халықаралық экспедиция барысында ғарышта болған дәстүрлі якут аспабы;
-
Гоко Залди жасаған сахналық костюм (ол **Майкл Джексон**ның жеке стилисті болған);
-
әлемге әйгілі румын виртуозы Георге Замфир сыйға тартқан пан-флейта;
-
атасынан қалған отбасылық жәдігер ретінде берілген баян.
Музей өкілдерінің айтуынша, көрменің мақсаты – Димаштың шығармашылығын кеңінен насихаттау, өнер арқылы халықтар арасындағы достықты нығайту және жанкүйерлерді артистің жеке дүниелерімен таныстыру.
Көрменің ашылу салтанатында Димаш музей қорына жеке домбырасын табыстайды. Келушілер бірегей экспонаттарды көріп, әншінің өмірі мен шығармашылығына қатысты қызықты тарихтардан хабардар бола алады.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз