Air Astana әуе компаниясының Сеул – Астана бағытындағы KC210 рейсін орындап жатқан ұшағы Пекин қаласына мәжбүрлі түрде қонды, деп хабарлайды CMN.KZ.
Тасымалдаушының баспасөз қызметінің мәліметінше, қонуға борттағы барлық дәретханаларға әсер еткен техникалық ақау себеп болған. Мәселені жою үшін әуе компаниясы қажетті қосалқы бөлшектің жеткізілуін күтуде. Осыған байланысты рейстің ұшуы жергілікті уақыт бойынша сағат 01:00-ге ауыстырылды.
Қытай шекара қызметінің басшылығымен келісім нәтижесінде Air Astana визаны қажет етпейтін жолаушыларға қалаға шығып, қонақүйге орналасуға рұқсат беру туралы ресми өтініш жолдады. Ал виза қажет жолаушылар әуежайдың транзиттік аймағында қалады. Оларға тамақ, сусындар мен пледтер ұсынылады.
Air Astana жолаушылардан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз