Burger King төңірегіндегі дау: қызметкерлерді жала жабуға мәжбүрлеп жатыр ма?

лого бургер кинга
Фото: deposit photos.com

Burger King Kazakhstan айналасындағы дау күшейіп келеді. Компанияның ресми мәлімдемесі мен екі аумақтық басқарушының жұмыстан босатылуынан кейін әлеуметтік желілерде жаңа резонансты жазбалар пайда болды, деп хабарлайды CMN.KZ.

Бұған дейін қызметкер Әлібек Қаратайдың анасы Жанат Қаратай әлеуметтік желіде жазба жариялап, төрт жыл жұмыс істеген ұлы басшылық ауысқаннан кейін қысымға ұшырағанын мәлімдеген. Оның айтуынша, жас жігітті «жұмыстан кетуге итермелеген», ал еңбек жағдайы психологиялық тұрғыда ауырлаған.

Компания ресми мәлімдемесінде Сергей мен Анастасияның жұмыстан босатылғанына қарамастан, оқиғаға қатысты тексеру жалғасып жатқанын атап өтті. Сондай-ақ Burger King Kazakhstan қызметкердің анасына жағдайды талқылау және реттеу үшін конструктивті диалог ұсынғанын хабарлаған.

Алайда Әлібектің анасы керісінше мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, компания тарапынан ешқандай ресми хат немесе кездесу туралы ұсыныс түспеген, өкілдері байланысқа шықпаған. Сонымен қатар, оның сөзінше, жеке хабарламалар арқылы қызметкерлерге қысым жасалып жатқаны туралы ақпарат келіп түсуде.

«Қазір елестетіп көріңіздерші, біздің отандастарымызды, балаларымызды, көбіне студенттер мен мектеп оқушыларын қорғансыз аутизмі бар жігітке жала жабуға мәжбүрлеп жатыр. Ол ешкімге жамандық жасаған жоқ. Тек жаңа менеджменттің көзқарасына сай келмей қалды», – делінген жарияланымда.

Жазба авторы менеджмент әрекетін «қулықпен жасалған» деп бағалайды. Алайда бұл айыптаулардың әзірге ресми расталмағаны атап өтіледі.

Қазіргі уақытта жағдай қоғам назарында қалып отыр. Тараптардың мәлімдемелері мен жүргізіліп жатқан тексеру нәтижелері оқиғаның әрі қарайғы дамуын айқындайды.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска