Burger King төңірегіндегі дау: аутизмі бар қызметкер ісінен кейін екі басқарушы жұмыстан босатылды

бургер кинг
Фото: zhanat_karatay

Әлібек Қаратайға қатысты оқиға жалғасын тапты. Burger King Kazakhstan басқарушылық шешімдер бойынша ішкі тексеру аяқталғанын мәлімдеп, аумақтық басқарушылар Сергей мен Анастасияның жұмыстан босатылғанын хабарлады, деп жазады CMN.KZ.

Даудың басталуына қызметкердің анасы Жанат Қаратайдың әлеуметтік желідегі жазбасы себеп болған еді. Оның айтуынша, компанияда төрт жыл жұмыс істеген ұлы Әлібек Қаратай басшылық ауысқаннан кейін қысымға ұшыраған. Анасының сөзінше, жас жігітті «жұмыстан кетуге итермелеген», ал еңбек жағдайы психологиялық тұрғыда ауырлаған.

Компанияның ресми мәлімдемесінде Сергей мен Анастасияның жұмыстан босатылғанына қарамастан, оқиғаның өзіне қатысты тексеру жалғасып жатқаны айтылды. Қазір ішкі процестер мен ұжым ішіндегі өзара әрекеттестікке қосымша талдау жүргізілуде. Мақсат – барлық деректерді объективті әрі толық қарастыру.

«Әрбір адамға құрметпен қарау – корпоративтік мәдениетіміздің ажырамас бөлігі. Бұл стандарттардан тыс кез келген мәлімдеме немесе әрекет брендтің ұстанымын білдірмейді және іскерлік әрі этикалық коммуникация талаптарына сәйкес келмейді», – делінген компания хабарламасында.

Сондай-ақ компания кемсітушілікке, құрметсіздікке немесе Қазақстан азаматтарының ар-намысына тиетін кез келген пікірге жол берілмейтінін атап өтті.

Burger King Kazakhstan қызметкердің анасына жағдайды реттеу және алдағы қадамдарды талқылау үшін конструктивті диалог жүргізу туралы ұсыныс жолдағанын да хабарлады.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска