Ақмола облысының Бурабай ауданында полиция қызметкерлері заңсыз аңшылық жасағандарды құрықтады. Күдіктілер мінген көліктен екі бөкеннің сойылған денесі мен аңшылық құралдары табылды, деп хабарлайды CMN.KZ.
28 желтоқсан күні Астана-Петропавл тас жолында полиция «УАЗ Патриот» көлігін тоқтатып, тексеріс жүргізді. Рөлде Щучинск қаласының тұрғыны болған.
«Көліктің жүксалғышынан екі бөкеннің сойылған денесі, үш қару, пышақтар, балта және аңшылыққа арналған басқа да құралдар табылды», – деді Ақмола облыстық полиция департаментінің өкілдері.
Тексеру барысында күдіктілердің ұлттық парктің аумағында заңсыз аңшылықпен айналысқаны анықталды. Бұл дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің баптары бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары басталды.