Бразилияның астанасы сұмдық оқиға орын алды. Жоғарғы сот ғимараты мен депутаттар палатасы алдында екі бірдей жарылыс болды. Қайғылы оқиға кезінде бір адам қаза тапты. Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, қайтыс болған адамның өзі де осы лаңкестік әрекетті ұйымдастырған күдікті болып отыр, деп хабарлайды CMN.KZ G1 басылымына сілтеме жасап.
Жергілікті басылымдардың дерегінше, алдымен сот ғимаратының жанындағы автотұрақта көлік жарылып, қатты дүмпу болған. Артынша, ер адам жарылғыш затты сот ғимаратына лақтырып, өзін жарып жіберген.
Тергеу деректері бойынша, күдікті 2020 жылғы муниципалдық сайлауда Либералды партиядан кандидатурасын ұсынған, алайда сайлауда жеңіліс тапқан.