Боранға қарамастан: Курчатовта полицейлер аппендицитпен ауырған баланы құтқарды

Полицейский помогает ребёнку с аппендицитом
Фото: скрин из видео

Абай облысындағы қатты боран мен жабық жолдарға қарамастан, патрульдік полиция қызметкерлері шұғыл науқасты облыс орталығына жеткізді, деп хабарлайды CMN.KZ

Оқиға 12 наурыз күні Курчатов қаласында болған. Патрульдік полиция қызметкерлеріне бір отбасы көмек сұрап жүгінген. Олардың баласында жедел аппендицит болуы мүмкін деген күдік туып, жағдайы күрт нашарлаған.

Бұл кезде өңірде күшті боран соғып, жол қозғалысына ресми түрде шектеу қойылған.

Баланы ауруханаға жеткізуді патрульдік полицияның аға инспекторы, капитан Мират Мұрзағелдинов пен аға лейтенант Ануар Оразханұлы ұйымдастырған.

«Баламыздың жағдайы күрт нашарлаған кезде қатты абдырап қалдық. Жолдардың жабық болғаны алаңдаушылығымызды одан әрі күшейтті. Сол сәтте полиция қызметкерлері бірден көмекке келіп, бізді кедергісіз ауруханаға дейін алып барды», – деді баланың анасы.

Полицейлер науқасты облыс орталығындағы дәрігерлерге тапсырды. Қазір оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска