Боксшы Тимур Баситов WBC Silver экс-чемпионын тізе бүктірді

Боксшы Тимур Баситов WBC Silver экс-чемпионын тізе бүктірді
Фото: жеке архивтен

20 жасар қазақстандық боксшы Тимур Баситов Таиланд рингінде жарқ етіп, бұрынғы WBC Silver чемпионы, 14 жекпе-жекте 11 рет нокаутпен жеңіске жеткен тәжірибелі қарсыласын тізе бүктірді, деп жазады CMN.KZ.

Жас боксшы алты раунд бойы салқынқандылық танытып, шеберлікпен күресе білді. Қорытындысында төрешілер бірауыздан жеңісті Тимур Баситовқа берді.

Тимур Баситов жеңістен кейін жанкүйерлеріне алғыс айтып, алдағы уақытта Қазақстанның намысын қорғай отырып, жаңа белестерді бағындыруға уәде берді.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска