Батыс Қазақстан облысында дронның бөлшектеріне ұқсас заттар табылды, деп хабарлайды CMN.KZ
Бұл туралы ақпарат алдымен әлеуметтік желілерде тараған, кейін оны полиция растады.
Әңгіме Ақжайық ауданы туралы болып отыр. Онда белгісіз нысанның сынықтары елді мекеннен тыс жерде табылған.
«Нысан елді мекеннен тыс жерде анықталды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады CMN.KZ тілшісіне БҚО полиция департаменті.
Қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп жатыр. Мамандар табылған нысанның шығу тегін және оқиғаның себептерін анықтауда.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз