Биволдың бұрынғы әйелі қазақтар мен қырғыздарды қорлағаны үшін жазаланды

В Астане объявили в розыск Екатерину Бивол
Фото: социальные сети

Екатерина Бивол Қазақстан мен Қырғызстанда әлі де іздеуде жүр, деп хабарлайды CMN.KZ

Санкт-Петербургте боксшы Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелі Екатерина Биволға қатысты сот өтті. Сотқа себеп – әйелдің былтыр қазан айында жариялаған видеосы. Онда Екатерина Бивол балағат сөздер қолданып, қазақтар мен қырғыздарды қорлаған.

Ресейде оған қатысты РФ ӘҚБтК-нің 20.3.1-бабы («Өшпенділік немесе араздық қоздыру») бойынша әкімшілік іс қозғалған.

«Лингвистикалық сараптама қорытындысына сәйкес, Биволдың айтқан сөздерінде ұлтына, тіліне және шығу тегіне қарай біріктірілген адамдар тобына – нақты айтқанда, “қырғыздар” мен “қазақтарға” қатысты теріс баға бар. Бұл теріс баға қорлау және бейәдеп сөздер арқылы білдірілген», – делінген Санкт-Петербург соттарының біріккен баспасөз қызметі желтоқсанда таратқан хабарламада.

29 қаңтар күні Санкт-Петербургтің Ленин аудандық соты Екатерина Биволға 60 сағаттық міндетті қоғамдық жұмыс жазасын тағайындады.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска