Бишімбаевтың бұрынғы әйелі миллиондаған долларлық алаяқтық ісі бойынша жауап берді

Назым кахарман
Фото: instagram.com/nazymkakharman

Астанада аса ірі көлемдегі алаяқтық дерегі бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Бұл істе талапкер ретінде сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың анасы қатысуда, деп хабарлайды CMN.KZ

Іс аясында 3 ақпанда сотта Бишімбаевтың бұрынғы жұбайы Назым Қахарманның куәгер ретіндегі жауабы тыңдалуы тиіс болды. Сондай-ақ отырысқа онлайн форматта сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров та қосылды. Ол бұған дейін Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша түсініктеме берген.

Сот отырысының басында судья Назгүл Бапақова куәгерлерді және олардың жауаптарын фото, видео және аудиоға түсіруге тыйым салынатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл шешім сот барысындағы ақпараттың бұрмалануына жол бермеу үшін қабылданған.

«Бұл шектеу ақпаратты жасыру мақсатында емес. Ол тек әділ сотты қамтамасыз ету, процеске қатысушылардың құқықтарын қорғау және қоғамда болып жатқан жайтты дұрыс түсіну үшін енгізілді», – деді судья.

Сондай-ақ Бапақова белгіленген тәртіп бұзылған жағдайда, сот заңда көзделген процессуалдық шараларды қолдануға құқылы екенін ескертті.

Бұған дейін Қуандық Бишімбаевтың анасы Алмира Нұрлыбекова туысын алаяқтық жасады деп айыптаған. Оның айтуынша, ол көк чемоданға салынған шамамен бір миллион долларды сақтауға берген, алайда бұл қаражат өзіне қайтарылмаған.

Еске салайық, осы сотта экс-министрдің әкесі Уәлихан Бишімбаев марқұм Салтанат Нүкенованың туыстарына жерлеуден кейін «қырық күндікке» 1,5 миллион теңге бергенін айтқан болатын.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска