Бестөбеде заңсыз алтын іздеуші шахтада қаза тапты

Хромтаудағы шахтада төтенше жағдай: төрт адам зардап шекті
Фото: Canva

Ақмола облысындағы Бестөбе кентінде «Қазақалтын» шахтасында тағы бір адам өлімі тіркелді, деп хабарлайды CMN.KZ

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам шахтаға құлап, өмірімен үйлеспейтін жарақат алған. Қаза болған адамның жеке басы әзірге анықталған жоқ.

Полиция бұл дерек бойынша тергеу басталғанын мәлімдеді.

«Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта марқұмның жеке басын және оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады Ақмола облыстық Полиция департаменті.

Айта кетейік, Бестөбеде мұндай жағдай алғаш рет тіркеліп отырған жоқ. Қаңтар айында дәл осы шахтадан Степногорск қаласының 35 жастағы тұрғынының мәйіті табылған еді.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска