23 ақпанда Алматы қалалық сотында 2019 жылғы Bek Air әуе апатына қатысты іс бойынша апелляциялық отырыс өтті, деп хабарлайды CMN.KZ.
Бірінші сатыдағы сот 2025 жылғы 5 қарашада аяқталған болатын. Оның шешімімен Fokker 100 ұшағының қаза тапқан ұшқыштары – Миржан Мұлдақұлов пен Марат Мұратбаев апатқа кінәлі деп танылған.
Қорғау тарапы ұшқыштардың толық кінәсіздігін талап еткен. Алайда апелляциялық сот алдыңғы үкімді өзгеріссіз қалдырды.
Еске салайық, Bek Air әуе компаниясына тиесілі Fokker 100 ұшағы 2019 жылғы 21 қаңтарда апатқа ұшыраған. Қайғылы оқиға салдарынан 12 адам қаза тауып, 69 адам түрлі жарақат алған.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз