Президенттің айтуынша, цифрландыру және нейрожелілерді кеңінен қолдану Қазақстандағы мемлекеттік басқарудың жаңа философиясына айналуы тиіс, деп хабарлайды CMN.KZ
Бұл туралы бүгін, 2 қазанда Астанада өтетін Digital Bridge 2025 халықаралық форумында Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.
«Әрбір жаңа мемлекеттік қызмет көрсету ең әуелі цифрлық форматта жасақталуға тиіс. Бұрын ұсынылған мәліметтерді қайта сұратудың керегі жоқ. Бұдан бөлек, мемлекет пен азаматтардың қарым-қатынасына байланысты барлық нормативтік актілер бекітілгенге дейін міндетті түрде цифрлық сараптамадан өткізілуі қажет», – деді Тоқаев.
Мемлекет басшысының айтуынша, соның нәтижесінде азаматтар мен кәсіпкерлер бюрократиядан құтылып, олардың мемлекеттік институттарға деген сенімі нығая түсе.
«Аталған шаралардың барлығы – еліміздің еліміздің цифрлық саясатының ұзақ мерзімді әрі жүйелі бағытын көрсетеді. Ақылды технологиялар үлкен деректерді өңдеуге, әлеуметтік саладан бастап негізгі экономикалық көрсеткіштерге дейінгі көптеген саланы талдауға қабілетті. Яғни стратегиялық жоспарлаудың тиімділігін айтарлықтай жетілдіреді», – деп толықтырды президент.
Сондай – ақ, Тоқаев қазақстандықтар несие беруден бастап мемлекеттік қызмет көрсетуге дейінгі алгоритмдік жүйелердің қалай жұмыс істейтінін білуі және түсінуі тиіс екенін атап өтті.
«Экономиканың барлық саласына жаппай енгізу үшін тиісті заңнаманы да соған сәйкес бейімдеу қажет. Бұл – еліміздің цифрлық және зияткерлік дербестігін қорғайтын нақты тетіктер болу керек деген сөз.», – деп қорытындылады президент.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясының аясында Зеленскиймен кездесті.