Баланы зорлады деген күдікті қазақстандық Ресейге қашып кетті

Баланы зорлады деген күдікті қазақстандық Ресейге қашып кетті
Сурет: Freepik.com

Ер адам Челябі облысында ұсталып, отанына қайтарылды, деп хабарлайды CMN.KZ

ҚР Бас прокуратурасы бұл оқиғаның 2024 жылдың қараша айында Қостанай облысында болғанын түсіндірді. Сонымен бірге, күдікті жасөспірімнің отбасымен достық қарым-қатынаста болды және баланың психикалық ауытқуы бар екенін білді.

"Жәбірленушімен екеуі жалғыз қалғанда, оның жасы мен психикалық ауруы туралы біле тұра, ер адам оған қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасаған", — делінген хабарламада.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті Қазақстан аумағынан шығып кетіп, осыған байланысты халықаралық іздестіруге жарияланды.

"Бас прокуратураның сұрауы бойынша ол Қазақстанға экстрадицияланды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды", —  деді прокуратураның бас-сөз қызметі.

Бұған дейін Алматыда баланы зорлаудың кезекті жағдайы туралы адвокат Айман Умарова мәлімдеді. Жасөспірім құқық қорғаушыларға үш жыл бойы ағасынан зорлық-зомбылық көргенін айтты.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска