Биыл жаңа жылдық дастарқанның құны айтарлықтай қымбаттаған жоқ. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің төрағасы Ернұр Жәуітқбаев Үкіметтегі баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды CMN.KZ
Оның айтуынша, министрлікте «жаңа жылдық азық-түлік себеті» талданған. Оның құрамына 37 түрлі өнім, соның ішінде екі негізгі ыстық тағам — тауық еті мен ет кіреді.
«Өткен жылы мұндай себеттің құны шамамен 68 мың теңге болды, плюс-минус. Қазіргі таңда оның бағасы шамамен 70 мың теңгені құрайды, плюс-минус. Айырмашылық осы деңгейде», – деп түсіндірді Жәуітқбаев.
Ол кейбір өнімдердің бір жыл ішінде арзандағанын, ал кейбірінің сәл қымбаттағанын атап өтті. Дегенмен жалпы алғанда, жаңа жылдық дастарқанға қатысты бағаның күрт өсуі тіркелмеген.
Министрлікте баға динамикасы қалыпты деңгейде сақталып отырғанын және мемлекет бақылауында екенін атап өтті.

