"Азғындыққа да, шектен тыс аскетизмге де берілме": 41 жастағы Әсель Сәдуақасова өзіне өсиет айтты

асель садвакасова
Фото: социальные сети

Танымал блогер әрі актриса Әсель Сәдуақасова 41 жасқа толған туған күнін Бали аралында атап өтті. Өнер иесі бұл сәтті өмір, тепе-теңдік пен ішкі үйлесім туралы философиялық ойларымен бөлісіп, әлеуметтік желідегі оқырмандарына әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды CMN.KZ

Өз парақшасында Асель былай деп жазды:

«Будда: “Қатал аскетизмге де кетпе, азғындыққа да берілме. Тепе-теңдікті сақта. Таңертең медитация жаса, кешке шарап іш. Әулие де, күнәһар да бол. Толыққанды өмір сүр”, – деп үйреткен».

Жазба желі қолданушылары тарапынан жылы қабылданды. Көпшілік актрисаның жеке сәттерімен ғана емес, өмірлік мәні бар, ой салатын пайымдарымен де бөлісіп жүргенін атап өтті.

Асель Сәдуақасова әлеуметтік желілерде белсенді: ол саяхаттары, рухани тәжірибелері мен күнделікті өмірі жайлы жиі әңгімелейді.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска