Айжан Байзакова үшінші рет ана атанды: өнер иесі қызды болды

Айжан Байзакова
Фото: социальные сети

Белгілі қазақстандық актриса және блогер Айжан Байзакова қуанышты жаңалығымен бөлісті – ол қыз бала дүниеге әкелді, деп хабарлайды CMN.KZ.

Өнер иесі бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Қош келдің, қызым, біздің отбасымызға. Мен сені қатты армандадым. Әкешін @arystan_nurbek құттықтаймын», – деп жазды Айжан.

Сондай-ақ ол босану жайлы толығырақ кейінірек айтып беретінін жеткізді. Біраз уақыт желіден тыс болғанын, себебі уайымдап, бар назарын маңызды сәтке аударғанын атап өтті.

Жанкүйерлері мен әріптестері актрисаны үшінші рет ана атануымен құттықтап, анасы мен нәрестеге зор денсаулық тілеуде.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска