Әйел бесінші қабаттың терезесінен балаларын лақтырып жіберді

Скорая медицинская помощь
CMN.KZ

Жамбыл облысында жантүршігерлік оқиға болды: әйел бесінші қабаттың терезесінен өзінің кәмелетке толмаған екі баласын лақтырып жіберген, деп хабарлайды CMN.KZ

Үлкен баланың жасы – 5-те, ал кішісі небәрі 3 жаста. Балалар ауыр жарақаттар алған: сүйек сынықтары, ми ісінуі және өзге де зақымдар бар. Дәрігерлер бірнеше операция жасап үлгерді, қазір олардың өмірі үшін күресіп жатыр.

Полиция күдікті әйелді жедел түрде ұстады.

«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кәмелетке толмаған екі бала ауруханаға жеткізілді», – деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Жан-жақты әрі объективті тергеу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес процессуалдық шешім қабылданатын болады.

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска