Алайда, бұл тарифтер тиісті жылдың 1 қаңтарында қолданыста болған орташа республикалық көрсеткіштен аспауға тиіс. Бұл туралы Құрылыс істері және ТКШ комитетінің басшысы Бақытжан Жүнісбеков мәлімдеді, деп хабарлайды CMN.KZ
Орталық коммуникациялар қызметінің өткен баспасөз конференциясында спикер Су кодексі шеңберінде мәслихаттар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын және қолданыстағы тарифтерді міндетті түрде ескере отырып, ауыз судың текше метрі үшін төлемақының мөлшерін дербес анықтай алатынын атап өтті.
«Бүгінгі таңда жергілікті атқарушы органдар халық үшін құнды анықтау бойынша жұмыстар жүргізуде», – деді ол.
Жүнісбеков тәулігіне бір адамға 140 литрден асатын суды артық пайдаланғаны үшін 30% артық төлеуге тура келетінін ескертті.