- Қазақстан қалаларында көліктер үшін рұқсат етілген жылдамдықты төмендетуі мүмкін
- Балаларымен терезеден секірген павлодарлық ауруханадан шығарылды
- «Қайрат» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне өтті
- Балаларды құлдықта ұстады: күдікті үй қамағына жіберілді
- Бір күнде елордада бес бала адасып кетті
- БҚО-да бұрын сотталған ер адам 6 жасар қызды ұрлап, оны зорлады деген күдікке ілінген
- Қазақстан мектептерінде биылғы оқу жылында жеке қауіпсіздік сабақтары енгізіледі
- Алматыда ер адам әйелін пышақтап өлтіріп, кейін өз-өзіне қол жұмсады
Автор: Саялым Дюсекеева
Дөң тау-кен байыту комбинатының «Болашақ» шахтасындағы өрт кезінде төрт адам зардап шекті. Апат болған кезде шахта ішінде 288 адам болған, деп хабарлайды CMN.KZ Оқиға шахтаның өндіру блогында бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде болған. «Әр түрлі дәрежедегі күйіктерді төрт қызметкер алды, олар ауруханаға жеткізілді. Оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі», — деді «Қазхром»ТҰК» АҚ». ТЖ егжей-тегжейін өңірлік ТЖД баспасөз қызметі айтып берді. Оқиғадан кейін орнына бірден ТЖ департаментінің басшылығы, әскери бөлімнің және Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері келіпті. «Зардап шеккендерді шахта қызметкерлері жер бетіне шығарды. Сондай-ақ, шахтадан ішінде болған барлық 228 адам шығып кетті. Қазір оның жұмысы уақытша тоқтатылды, әскерилендірілген тау-кен құтқару жасағы…
Қазақстандыққа елден 210 литр бензин шығаруға әрекет жасағаны үшін айыппұл салынды. Оған 73 мың теңге төлеуге тура келеді, ал отын мемлекет кірісіне тәркіленді, деп хабарлайды CMN.KZ Іс Жамбыл аудандық сотында қаралды. «Сот анықтағандай, азамат К. Тараз қаласы — Қырғыз Республикасының Талас қаласы бағыты бойынша «Setra 215 HD» автобусында ілеспе жүкқұжатсыз 210 литр мөлшерінде АИ-92 бензинін тасымалдаған», – деп түсіндірді сот. Ер адам жасалған құқық бұзушылықты толықтай мойындады. Сот шешімі заңды күшіне енді. Бұған дейін іздеуде жүрген Ақтау әкімінің бұрыңғы орынбасары Тимур Садвақасовты мемлекеттік шекарадан заңсыз өту тырысқан кезде Өзбекстан шекара қызметкерлері ұстады.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметіне Ерсайын Нағаспаевты тағайындады, деп хабарлайды CMN.KZ Жарлыққа мемлекет басшысы 2025 жылы 28 ақпан күні қол қойды. «Мемлекет басшысының жарлығымен Ерсайын Қайырғазыұлы Нағаспаев Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындалды», – делінген Ақорда хабарламасында. Ерсайын Нағаспаев Е. А. Бөкетова атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген. Бұған дейін ол «Ақтау халықаралық сауда порты» РМК, ҚР премьер-министрінің Кеңсесі және «Новострой Астана» ЖШС басшылық позицияларында жұмыс істеген. 2021 жылдың сәуір айынан бастап «ҚТЖ «ҰК» АҚ қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарды. Өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметін 2023 жылы 4…
Үкімет бұқаралық ақпарат құралдары саласын қосылған құн салығынан босатуды ұсынды, деп хабарлайды CMN.KZ Парламентте ҚҚС-тың жаңа сараланған мөлшерлемелері бар Салық кодексінің жобасы талқыланады. «Бұқаралық ақпарат құралдары мен агроөнеркәсіптік кешен салаларын ҚҚС — тан босатып, ҚҚС мөлшерлемесін 12%-дан 16%-ға дейін арттыру және фарминдустрия, медициналық қызметтер және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары үшін 10% мөлшерінде төмендетілген мөлшерлемені белгілеу ұсынылады», – делінген Салық кодексінің ұсынылған редакциясының 465-бабында. Бұған дейін Қазақстанда валютаны сату және айырбастау ережелері өзгерді. Ұлттық банк басқармасы валютаны реттеу мәселелері бойынша құжаттарында өзгерістерді бекітті. Сондай-ақ есеп беру, ел аумағында шетелдік ақшаны сату және айырбастау ережелеріне қатысты өзгерістер енгізілді.
Бұл туралы брифингте энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев айтты, деп хабарлайды CMN.KZ 2024 жылы Қазақстанда 540 мың тонна мұнай-газ-химия өнімі шығарылды. Биылғы жылы көрсеткішті 10 мың тоннаға ұлғайту жоспарлануда. «2024 жылы қазан айында энергетика министрлігі мұнай – газ химиясы өнеркәсібін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған Жол картасын әзірлеп, бекітті. Ірі жобаларды іске асыру, инфрақұрылым салу және саланы ынталандыру шараларын пысықтау жоспарлануда. 2024 жылы желтоқсанында мұнай-газ-химия саласына метанол өндіру бойынша инвестициялар туралы алғашқы келісімді жасасуды мақұлдады», – деді энергетика министрі. Алмасадам Сатқалиев айтқандай, негізгі жоба Атырау облысындағы полиэтилен өндіретін зауыт болуы тиіс. Өндірістің жылдық қуаттылығы 1250 мың тоннаны құрайды. Сондай-ақ, мемлекет газ бөлу кешенінің…
14 ақпанда Астананың ауданаралық экономикалық сотына Перизат Қайраттың «Biz birgemiz» қорын мемлекеттік тіркеуді жарамсыз деп тану және мәжбүрлеп тарату туралы талап арыз берілді, деп хабарлайды CMN.KZ ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, «Biz birgemiz Qazaqstan 2030» қоғамдық бірлестігі 2021 жылы қазан айында құрылды. Қор қызметінде бұзушылықтар анықталғаннан кейін заңгерлер бірлестікті мәжбүрлеп тарату үшін сотқа жүгінді. «Сот ісін жүргізу үшін негіздеме – Қаржы мониторингі агенттігінің «Biz birgemiz Qazaqstan 2030″ қоғамдық бірлестігін құру кезінде заң бұзушылықтарға байланысты тіркеуді жою туралы хаты. Олар жойылмайтын сипатқа ие, яғни сот шешімі бойынша заңды тұлғаны таратуға негіз болып табылады», – делінген агенттігінің хабарламасында. Естеріңізге сала кетейік,…
Отправь свою новость
Есть чем поделиться?
Пришли свою новость на наш e-mail: info@cmn.kz
Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания № KZ81VPY00086938 от 02.02.2024.