Автор: Айерке Қабди

Елімізде жаңа жолдарды салу барысында автопилотты көліктер үшін инфрақұрылым жасалып жатыр. Бұл туралы ҚР көлік министрі Нұрлан Сауранбаев үкіметтегі брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды CMN.KZ Оның сөзінше, ЕАЭО аясындағы алғашқы ауқымды пилоттық жоба 2027 жылы басталуы мүмкін. Жоспар бойынша – адам қатыспай-ақ тәулік бойы жұмыс істей алатын автопилотты жүк көліктерін іске қосу көзделген. «Біз автопилотты көліктер елде қауіпсіз жүре алатындай жолдарды қажетті датчиктермен жобалаймыз», – деді министр. Саұранбаевтың айтуынша, енгізудің алғашқы аймақтары – шекара өткелдері болады. Онда автономды көлік шекара және паспорт бақылауын жылдамдатуға көмектеседі. «Қазіргі уақытта жүргізушінің жалақысы тасымалдау құнының едәуір бөлігін құрайды. Автопилотты көлік тәулік бойы жүре алады, логистика…

Read More