Автор: admin

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданында жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай режимі жарияланды. Бұл туралы CMN.KZ тілшісіне ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Түпқараған ауданы әкімдігі қол қойған бұл шешім Azerbaijan Airlines әуе компаниясының Баку–Грозный рейсіндегі ұшағының апатқа ұшырауына байланысты қабылданды. «Қазаэронавигация» деректеріне сүйенсек, апатқа себеп ретінде ұшақтың құспен соқтығысуы немесе тұманның кесірінен нашар көрінуі аталды. Дегенмен, нақты себептер тергеу аяқталғаннан кейін белгілі болады. Сонымен бірге, Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасы апат орнында баллон жарылуы мүмкін екенін мәлімдеді. Әуе кемесінің бортында барлығы 62 жолаушы мен 5 экипаж мүшесі болған. Олардың арасында: Қазіргі уақытта Ақтау ауруханаларына 29 адам жеткізілді, ал төртеуі апат орнынан өлі күйінде…

Read More

Ақтауда әуе апаты орын алды. Азербайжанның Azerbaijan Airlines әуе компаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы «Баку-Грозный» рейсін орындау кезінде құлап, өртке оранды, деп хабарлайды CMN.KZ. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға орнына 52 қызметкер және 11 техника бірлігі жұмылдырылған. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар ұшақтың жанып жатқанын анықтап, өртті сөндіруге кіріскен. Алдын ала мәлімет бойынша, аман қалғандар бар. Қазіргі таңда зардап шеккендер мен қаза тапқандар туралы ақпарат нақтылануда. Көлік министрлігі арнайы тергеу жұмыстары басталатынын мәлімдеді. Әуе апатының себептері мен мән-жайлары анықталып жатыр. Мәселені қадағалау үшін Төтенше жағдайлар министрлігі арнайы республикалық штаб құрды. Қосымша ақпарат алу үшін байланыс нөмірлері жұмыс істейді: 8 — 7292 —…

Read More

Акмола облысында ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері адам ұрлау және бопсалау ісіне күдікті үш адамды қолға түсірді, деп хабарлайды CMN.KZ. 18 желтоқсанда Көкшетау қаласының тұрғыны полицияға шағым түсіріп, өзіне жасалған қылмыс туралы баяндады. Оның айтуынша, үш адам одан 1 миллион теңге мен Toyota Camry автокөлігін талап етіп, бір тәулік бойы пәтерде күшпен ұстап отырған. «Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сонымен қатар, күдіктілердің басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде», – деп мәлімдеді Акмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. Бұған дейін мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов неке үшін қыз ұрлауға қатысты жаза қатаңдатуды ұсынған болатын. Оның…

Read More

Қазақстанның қорғаныс министрлігі CMN.KZ-ке Таяу Шығыстағы даулы аймақтағы бітімгерлерді шығару туралы сауалына жауап берді. Наурыз айында қазақстандық әскери топ Сирияның Голан биіктігі аймағына аттанды. Бұл аумақтың көп бөлігін Израиль бақылауда ұстап отыр. Желтоқсан айында Башар Асад режимі құлағаннан кейін, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі тарапынан террористік ұйым деп танылған «Хайят Тахрир аш-Шам» Сириядағы басым күшке айналды. Осылайша, жағдай күрт өзгерді. Қазақстандық бітімгерлерге алаңдаушылық шілде айындағы ракеталық шабуылдан кейін күшейе түсті. Голан биіктігінде болған атқылау нәтижесінде 12 адам қаза тапқан, олардың көбі 10-20 жас аралығындағы балалар мен жастар. Times of Israel мәліметінше, оқиға солтүстіктегі друз қаласы Мадждал-Шамстағы футбол алаңында болған. Қорғаныс министрлігі жолдаған…

Read More

Астанада танымал музыкалық топтың концертіне жалған билеттер арқылы қатысу әрекеті сәтсіз аяқталды. Полиция алаяқтық схеманы әшкерелеп, 18 жастағы қазақстандық жігіттің осындай әрекеттерге қатысы барын анықтады, деп хабарлайды CMN.KZ. Жалған билеттердің құны 10 мыңнан 20 мың теңгеге дейін жеткен. Зардап шеккен тұрғындар фейк аккаунт арқылы сатып алынған билеттер үшін жалпы 200 мың теңгеге жуық шығынға ұшыраған. Алаяқтық схеманы іске асырған жас жігіт Instagram-да жалған парақша ашып, адамдардың сеніміне кірген. Полиция күдіктіні оның банктік шоты арқылы анықтап, тұтқындады. Ол өз кінәсін толық мойындады. Тергеу барысында оның осындай тағы 11 жағдайға қатысы бар екені белгілі болды.

Read More

Жаңа жыл қарсаңында елде қант пен ұн бағасы 0,2%-ға төмендеді, бірақ сиыр еті, ірімшік пен жұмыртқа аздап қымбаттады. CMN.KZ хабарлауынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке баға индексі өткен аптада 0,1%-ды құрады, бұл соңғы 10 жылдағы ең төмен көрсеткіштердің бірі. Қай өңірде қандай баға? Сонымен қатар, 2024 жылдың басынан бері өсімдік майы, қант, күріш, гречка және көкөністердің бағасы айтарлықтай төмендегені атап өтілді.

Read More