- Бразилиядағы жағажайда ұшақ апаты болды: ұшқыш көз жұмды
- Атырауда 46 жастағы әйел сегізінші қабаттан құлап, қаза тапты
- Павлодар облысында жол апатынан үш адам көз жұмды
- Таразда заңқорғаушы күзетшіні қорғап, пышақ жарақатын алды
- Есірткі сатты: БҚО полиция полковнигінің ұлы 10 жылға сотталды
- Қарағандыда массаж салоны клиенттік базасымен бірге 2 млн-ға сатылады
- Алматыда тұрғын үй күзетшісін өлтіруге қатысты іс сотқа түсті
- Бурабай ұлттық паркінде браконьерлер ұсталды
Автор: admin
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованы қабылдады, деп хабарлайды CMN.KZ. Кездесу барысында министр әлеуметтік-еңбек саласын дамыту бағытындағы жұмыстар мен жоспарлар туралы баяндады. Светлана Жақыпова президентке атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдері туралы айтып берді. Жаңа шаралар әлеуметтік қолдаудың жеделдігі мен нақтылығын арттыруға бағытталған. Сонымен қатар, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарына лицензия беру мен жан басына шаққандағы қаржыландыру енгізілетіні хабарланды. Бұл мақсатта кәсіби стандарттар әзірленіп, оқыту модульдері жасалған. Инклюзивті саясаттың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әлеуметтік-құқықтық модельге көшу жұмыстары жалғасуда. Министрдің айтуынша, 2024 жылы 804 мыңнан…
Шығыс Қазақстан облысында 13 жастағы оқушы мектепке бомба қойылды деп жалған ақпарат таратқан. Жасөспірім бұл әрекетті жай ғана әзіл ретінде жасағанын мойындады, деп хабарлайды CMN.KZ. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, полицияның кезекші бөліміне мектепте жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына дереу жеткен құқық қорғау органдары мен кинологтар ғимаратты толық тексерген. Алайда, бұл ақпарат расталмады. Жалған хабарламаны 13 жастағы оқушының өзі жасағаны анықталды. Ол мұндай әрекетке жай ғана әзіл ретінде барғанын түсіндірді. Полиция жасөспірім мен оның ата-анасымен профилактикалық әңгіме жүргізіп, заң бойынша ата-анасын әкімшілік жауапкершілікке тартты. «Кәмелетке толмаған баланың тәрбиесіне қатысты міндеттерді орындамағаны үшін олардың заңды өкілдері жауапкершілікке тартылды», –…
Жамбыл облысында жол апатынан кейін көлік өртеніп, жас ана мен оның екі жасар ұлы қайғылы қаза тапты, деп хабарлайды CMN.KZ тілшісі. Апат 2024 жылғы 24 қараша күні кешкі уақытта Жамбыл облысы, Жалпақсаз ауылының шетінде орын алды. Mercedes-Benz көлігінің 44 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол жиегінде тұрған BMW-ге соғылған. Соққыдан BMW алға ұшып, алдында тұрған «ВАЗ 2114» көлігіне соқтығысқан. Қайғылы апат салдарынан BMW көлігі толығымен өртеніп кеткен. Ішінде болған 23 жастағы жас ана мен оның екі жасар сәбиі оқиға орнында жан тапсырды. «ВАЗ 2114» көлігінің жүргізушісі түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Mercedes-Benz көлігінің жүргізушісі оқиға орнында ұсталып, уақытша ұстау…
Атырау облысында қауіпті сібір жарасы инфекциясы расталды, деп хабарлайды CMN.KZ. Жұқпалы дертке шалдыққан адам – «Асыл-Агро» шаруашылығындағы мал сою цехының қызметкері. Бұл шаруашылықта бұған дейін сібір жарасынан бір сиыр өлгені белгілі болған. 2024 жылғы 20 қарашадан бастап шаруашылық аумағында карантин жарияланды. Бұған дейін өлген малмен байланыста болған 17 адам анықталып, олардың барлығын инфекционистер тексеріп, динамикалық медициналық бақылауға алды. Аймақ әкімдігінің хабарлауынша, зертханалық сараптамалардың нәтижесінде мал сою цехының бір қызметкерінен сібір жарасының терілік түрі анықталған. Науқас ауруханаға жатқызылып, бекітілген медициналық хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр. Оның жағдайы тұрақты. Ал қалған байланыста болған адамдарда ауру белгілері тіркелмеген. Ауру ошағын оқшаулау және инфекцияның…
Жамбыл облысының 85 жылдығы мерейтойы жұртшылыққа сездірмей, бейне бір құпия түрде өтті. Алайда, бұл шараны естігендердің көңілінде тек өкініш пен реніш қалды, деп жазады CMN.KZ. Әкімдіктің мәлімдемесіне сенсек, торқалы той сән-салтанатымен ұйымдастырылғандай көрінді. Алайда, қарапайым халық бұл мерекені байқамағандарын айтып, наразылық білдіруде. Жұма күні Жамбыл облысының 85 жылдығы атап өтілгені туралы әкімдік салтанатты хабарлама жариялады. Онда бұл мерекеге мемлекеттік және қоғам қайраткерлері еліміздің түкпір-түкпірінен келді деп көрсетілген. Шара барысында облысқа еңбегі сіңген азаматтарға марапаттар табысталып, қонақтарға арналған жиындар ұйымдастырылған. Мерекенің басты алаңы ретінде «Көне Тараз» тарихи-мәдени кешені таңдалған. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Жамбыл облысының әкімдігі (@zhambyl.gov.kz) Алайда,…
Павлодар облысы Майқайың ауылында екі ер адам жасөспірім қызды зорлады деген күдікке ілініп, қазір тергеу жүргізілуде, деп жазады CMN.KZ. Бұл қылмыстың ауқымы мұнымен шектелмегені анықталды. Тергеу барысында сол отбасының мектеп оқушысы – жасөспірім ұлы да зорлық құрбаны болғаны белгілі болды. Павлодар облыстық білім басқармасының мәлімдеуінше, жасөспірімдерге психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу құпия түрде жалғасуда. «Балаларға барлық қажетті көмек көрсетіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты толық ақпаратты жариялай алмаймыз», – деді басқарма өкілдер
Отправь свою новость
Есть чем поделиться?
Пришли свою новость на наш e-mail: info@cmn.kz
Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания № KZ81VPY00086938 от 02.02.2024.