Ауылдар дәрігерсіз қалып барады: депутат кадрлық коллапс қаупін айтты

врач
freepik

Көтерме жәрдемақы уәде етілді, қаржы да қарастырылды, алайда жас дәрігерлер ол ақшаны әлі күнге дейін алған жоқ. Депутат Гүлдар Нұрымның айтуынша, мәселе жергілікті жерлердегі әрекетсіздікке тіреліп отыр. Ол депутаттық сауалында мемлекет деңгейінде қабылданған шараларға қарамастан, ауылдық жерлердегі дәрігер тапшылығы проблемасы әлі де шешілмегенін мәлімдеді, деп хабарлайды CMN.KZ

Оның еске салуынша, бұған дейін жас мамандарды ауылдарға тарту үшін көтерме жәрдемақының мөлшері 100 АЕК-ке дейін ұлғайтылған. Алайда, оның айтуынша, бұл шара іс жүзінде жұмыс істемей отыр.

«Бұл бастаманы практикада жүзеге асыру, ашығын айтқанда, тұралап тұр. Денсаулық сақтау саласындағы кадрлық жағдай әлі де күрделі күйінде қалып отыр. Ресми деректерге сәйкес, елдегі әрбір бесінші медицина қызметкері – зейнеталды жаста. Ал ауылдарда бұл көрсеткіш одан да жоғары. Біз кадрлық коллапстың табалдырығында тұрмыз», – деді Нұрым.

Депутат әсіресе өңірлерде мәселенің өткір тұрғанын атап өтті. Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысы

 тапшылығы ең жоғары өңірлердің қатарына кірді – мұнда 10 мың тұрғынға бар болғаны 32,7 маманнан келеді.

Сонымен қатар, оның айтуынша, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында жас дәрігерлерге төлемдер мүлде жасалмаған, ал Абай облысында төлемдер туралы шешім әлі күнге дейін қабылданбаған.

 

CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз

Введите текст и нажмите Enter либо Esc для отмены поиска