Атырауда мал базарында сібір жарасы анықталып, базар аумағында карантин жарияланды, деп жазады CMN.KZ.

«Мой Город» ақпаратына сүйенсек, 24 қазанда «АсылАгро» шаруашылығына әкелінген сиыр карантиндік аймаққа орналастырылған. Алайда 12 қарашада малдың өлімі тіркелген.

Малдың өлімінен кейін алынған сынамалар сібір жарасының белгілерін растады. Осыған байланысты 20 қарашада шаруашылық аумағына толық карантин енгізілді. Мал сою цехы уақытша жабылып, барлық аумақ дезинфекциялаудан өтуде.

Ветеринар мамандар шұғыл шаралар қабылдап, малдарды вакциналау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет базардағы барлық қызметкерлер мен байланыста болған адамдарды тексеруде.

Аймақтық ветеринариялық зертхана базардағы ет өнімдеріне қосымша сынама алуды бастады.

Share.

Leave A Reply

Exit mobile version