Атырауда 62 жастағы ер адам әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды CMN.KZ
Полицияның мәліметінше, бүгін таңертең 102 нөміріне 58 жастағы әйелдің қаза тапқаны туралы хабарлама түскен.
Алдын ала дерек бойынша, ерлі-зайыптылар арасында тұрмыстық жанжал туындап, соның барысында әйел өмірімен үйлеспейтін жарақат алған.
Аталған дерек бойынша «Кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталды.
«62 жастағы күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды», – деп хабарлады полиция.
CMN.KZ ресми Telegram арнасына жазылыңыз